Қосымша жабдық
     
    •        

Қосымша жабдық.

GPS/ГЛОНАСС мониторинг жүйесінің функционалдығын кеңейтуге арналған қосымша жабдық.



Дабыл кнопкасы

Дабыл кнопкасы жылжымалы және жылжымайтын объектілерді күзетудің элементі болып табылады, сондай-ақ GPS мониторинг жүйесі негізінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет кешеніне кіреді. GSM дабыл кнопкасы Сіз қиын жағдайға тап болғанда немесе Сізге қауіп төнгенде шұғыл көмек қызметімен байланыс ретінде орнатылады.

Дабыл режимі «дабылдық» ретінде бапталған бір немесе бірнеше датчиктер істен шыққанда қосылады.

Датчиктер ретіне кәдімгі кнопкалар, сол сияқты аспаптық панельдің, жүргізушінің орындығының астындағы және т.с.с. белгілі бір нүктеде орнатылған басатын немесе жанасатын жасырын датчиктер шығады.

Дауыстық байланыс

Жабдық диспетчердің пультіне көлік құралының жай-күйі туралы ақпаратты беретін қондырғы ретінде автомобильге орнатуға арналған. Қондырғы GPS спутниктерінен өзінің тұрған жері туралы сигналды қабылдайды, датчиктерден көрсеткіштерді өңдейді және интернет желісі бойынша GSM стандартының ұялы байланысы арқылы бұл ақпаратты береді.

  • Жүргізуші мен диспетчердің дауыстық байланысы.
  • Диспетчерге сигналдар беру - «бос емес/бос» мәртебесі.
  • Кіріс және шығыс қоңырауының индикациясы – светодиодпен және зуммердің дыбыстық сигналымен.
  • Күзетке қою индикациясы.

Оське түсетін жүктеменің датчигі

Датчик көлік құралының осіндегі жүктемені өлшеуге арналған. Пневможастықтың біреуіне орнаталады.

Көлік салмағының белгіленген нормалары жолдардың сапасын сақтауға мүмкіндік береді, бірақ тасымалдаушы үшін бұл бірден айыппұлмен ассоциацияланады. Жүктің салмағын шамамен есептеуге болады. Оське түсетін жүктемені бақылау, бір жағынан, көліктің шамадан тыс жүктелуінен қорғауға, екінші жағынан, "қырағы" жүргізушілердің толық жүктемеуін жоюға көмектеседі. Одан бөлек, біздің жабдығымыз нақты уақыт режимінде жүктің салмағы туралы деректерді алуға мүмкіндік береді.

Айналу (қозғалу) датчигі

Айналу немесе қозғалу датчигі GPS/ГЛОНАСС мониторинг жүйелерінде айналатын немесе қозғалатын механизмдерді бақылау үшін қолданылады. Көбінесе айналу датчигі автобетоновоздарды («миксерлерді») бақылау үшін қолданылады. Айналу датчигінің көмегімен автобетоновоздың барлық жүк түсіруі оңай бақыланады және оның қосылған «миксермен» бағыты тексеріледі. Айналу датчигі сондай-ақ құрылыс крандарында пайдаланылады. Лебедканың валында орнатқан кезде кранның жұмысының қарқыны оңай бақыланады. Айналу датчигі көтергіш лебедканың валымен жасалған айналымдарды талдау негізінде бұрғылау тереңдігін бақылау үшін бұрғылау техникасында пайдаланылады. Айналу датчигі құм себетін автомобильдерде транспортерлік ленталардың жылдамдығын және айналымын санау үшін коммуналдық техникада пайдаланылуы мүмкін.

Температураның датчигі

Температураның датчигі GPS/ГЛОНАСС мониторинг жүйелерімен бірге, мысалы рефрижератордың кузовында ары қарай диспетчерлік БҚ-ға деректерді беру арқылы қолданылады.

Жолаушылар ағынын есептеу датчиктері

Жолаушылар ағынын есептеу датчигі көліктегі тасымалданатын жолаушыларды бақылауға арналған. Оған қосымша уақытқа қарай (апта күндері, тәуліктің уақыты) рейстік автобустарда жүктеменің статистикалық деректерін, сондай-ақ бағыттың учаскелерін бақылау үшін кіретін, сол сияқты шығатын жолаушыларды бақылауға болады. Жүйе көлік құралының сатысына құрастырылатын қысымдық датчиктен тұрады. Әдетте бұл жүйенің қателіктері көп дегенде 3-5%-ды құрайды.

Copyright 2008–2017 GARAGE GPS. Компанияның сайтын әзірлеген garage-gps.kz