Жүйе туралы
     
    •        

Жүйе туралы.

Көліктің спутниктік мониторинг жүйесі мобильді объектілердің орналасқан жері мен жай-күйі туралы ақпаратты жылдам алуға, сонымен бірге ГЛОНАСС/GPS көліктің мониторингі жүйесін пайдаланатын компанияның шығындарын тиімді етіп азайтуға мүмкіндік береді.

ГЛОНАСС аббревиатурасы «Глобальная Навигационная Спутниковая Система» деп тарқатылады. GPS-мен қатар ол қазіргі таңда жұмыс істейтін спутниктік навигацияның әлемдік екі жүйесінің біреуі болып табылады. GPS сияқты ол қозғалып бара жатқан объектілердің координаттары мен жылдамдығын өте дәл анықтауға мүмкіндік береді.

GPS (Global Positioning System) аббревиатурасы «Глобальная система позиционирования» деп тарқатылады. Қазіргі таңда бұл спутниктік навигация саласындағы ең кең таралған технология. Ол тәуліктің кез келген уақытында және кез келген ауа райында қозғалып бара жатқан объектілердің орналасқан жері мен жылдамдығын жоғары дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді. Кез келген адам GPS жүйесіне қосыла алады, тек GPS-қабылдауышты немесе трекерді (оны солай атайды) сатып алса жеткілікті.

Көліктің спутниктік мониторингі дегеніміз не?

Бұл GPS және ГЛОНАСС спутниктік навигация жүйелеріне негізделген жер үстіндегі, судағы және әуе көліктерінің түрлерін егжей-тегжейлі бақылау және тексеру жүйесі.

Спутниктік мониторинг қандай міндеттерді шешеді?

  • Автопарктің әрбір автомобилін, жүргізушісін байқау және бақылау: бағыттары, аялдамалары, қозғалыс жылдамдығы, жіберілген/келген уақыты мен орны, жолдың ұзақтығы.
  • Жанармайдың датчиктерін, температураны, одометрді және өзгесін бақылау. Игерілмеген жанармайды немесе оны құйып алуды анықтау, тұрып қалған уақыт, двигательді қосқан/өшірген уақыт.
  • Көліктің, арнайы техниканың немесе жабдықтың әр түрлі бөлшектерінде техникалық ақауларды анықтау.

Бұл қалай жұмыс істейді:

Copyright 2008–2017 GARAGE GPS. Компанияның сайтын әзірлеген garage-gps.kz