Қалай серіктес бола болады
     
    •        

Қалай серіктес бола болады

«Garage GPS» компаниясы – Қазақстан Республикасының, Ресей мен Украинаның аумағында спутниктік мониторинг қызметін көрсету бойынша көшбасшы.

Бүгінгі таңда GPS/ГЛОНАСС мониторинг нарығы көлік компанияларының, FMCG секторында, құрылыс компанияларының арасында және басқа салаларда өте танымал. Бұл дәл осы бағытта өз бизнесіңізді ұйымдастыруға және зор мүмкіндіктер алуға мүмкіндік береді. Біз серіктестерді өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға шақырамыз. Серіктестерімізге біз өз тәжірибемізге және компанияның мүмкіндіктеріне негізделген әрі ойластырылған, икемді ынтымақтастық орнату және дамыту бағдарламасын ұсынамыз.

Біз спутниктік мониторингті ұйымдастырудың ең ыңғайлы платформасында жұмыс істейміз – Wialon Pro.
Wialon Pro GPS және/немесе ГЛОНАСС мониторинг қызметін ұсынатын интеграторлар мен операторларға арналған.
Бағдарламалық қамсыздандыру Garage-GPS компаниясының серверлік орталығынан жалға беріледі және оны пайдаланушыларының саны шексіз болуы мүмкін.
Біз Intel, Dell, HP, Kingston, Seagate, т.б. сияқты әйгілі брендтердің қуатты әрі өнімділігі жоғары жабдығын пайдаланамыз. Платформалар қазіргі таңда деректермен алмасудың барынша жоғары жылдамдығы бар Intel Xeon көп ядролы процессорлардың, өнімділігі жоғары жадының және SCSI/SAS қатты дискілердің негізінде пайдаланылады.
Біздің барлық жабдығымыздың сенімділігі оның жай-күйіне әрдайым мониторинг жүргізумен қамтамасыз етіледі. Біз өз жабдығымыздың жоғары жылдамдығына және сенімділігіне кепілдік береміз, сондықтан Сіз өзіңіздің барлық деректеріңіз үшін уайымдамаңыз – олар зақымданудан сенімді түрде қорғалады, ал Сіздің жобаларыңыз тәуліктің кез келген уақытында жоғары жылдамдықпен қолжетімді болады.

Жүйеде OSM, Google, Yandex, Bing, Navteq және басқа карталар қолданылады (дербес карталарды орналастыруға мүмкіндік бар); картаға POI және геоаймақтардың кез келген санын енгізуге болады. Wialon Pro редакцияланатын шаблондарға негізделген есептер мен графиктердің, SMS немесе e-mail бойынша жіберілетін хабарламалардың (дабылдардың), сондай-ақ жүйе автоматты түрде немесе кесте бойынша орындайтын тапсырмалардың конструкторын қосады.
Автокөлік мониторинг кезінде икемді жұмыс істеу үшін мынадай мүмкіндіктер көзделген: жанармай шығынын бақылау; жүйеде автомобильдердің «сервис кітабын» жүргізу және жақын арадағы ТБ немесе басқа да жұмыстар туралы ескерту алу; жүйеде бағыттар құрастыру және олар бойынша автомобильдердің қозғалуын бақылау; егер бір автомобильді бірнеше адам пайдаланса, әрбір жүргізуші бойынша жеке есеп жүргізу.

Wialon Pro басқару панелінде Сіз өз клиенттеріңіздің есептік жазбаларын баптауды басқара аласыз, сондай-ақ биллингті баптай аласыз және өз клиенттеріңіздің мониторинг жүйесін пайдалануын икемді түрде тарифтей аласыз. Қозғалу тарихы серверде 1 жыл бойы сақталады.

Серіктестеріміз үшін біз балл жүйесіне негізделген арнайы серіктестік бағдарламаны әзірледік. Сіз біздің серіктесіміз болғаннан кейін біз балл жинау қалайша жүретіні туралы және осы құралмен сіз қалайша тиімді жұмыс істей алатыныңыз туралы толық ақпаратты жібереміз.

Сіз қосымша артықшылықтар аласыз. «Garage Monitoring» компаниясынан біздің платформамызды пайдалануға, ақшалай қайтарымдар жасауға белгілі бір жеңілдіктер ала аласыз, серіктестік конференцияларға қатыса аласыз, тіпті техникалық қолдау бойынша жеке менеджер ала аласыз. Көп балл жинаған сайын барынша тиімді артықшылықтар ала аласыз.

Қазір бар клиенттер де сайтымыздағы картаны толтырып, серіктестік бағдарламаға қатыса алады.

Компанияның серіктесі болу үшін сауалнаманы толтыруыңызды өтінеміз, сонда біз жақын арада сізбен байланысамыз.

Сауалнаманы толтыру

Сауалнама

*Компанияның атауы:
*Қала:
*Байланысушы тұлға, Т.А.Ә.:
*Телефон:
*Электрондық почта:
Сайт:
Хабар:
Copyright 2008–2017 GARAGE GPS. Компанияның сайтын әзірлеген garage-gps.kz