Жүк тасымалдау
     
    •        

Жүк тасымалдау.

Жүк тасымалдау - кез келген бизнестің маңызды бөліктерінің бірі. Бірақ кез келген саладағы сияқты мұнда да өз қиындықтары мен келеңсіз жақтары бар. Көлік компанияларының иелері жанармайды құйып алу, жеткізу мерзімдерін орындамау, ТБ-дан уақтылы өтпеу сияқты өз қызметкерлерінің жауапсыздығына тап болады. Бұл іс-әрекеттер клиенттерді жоғалтуға, ЖЖМ арналған бюджеттің шамадан тыс жұмсалуына, қымбат тұратын тораптар мен агрегаттардың сынуына әкеп соқтырады, бұл өз кезегінде басшының және жалпы компанияның қаржылық жағдайында көрініс табады. Міне, сондықтан да жүк автомобильдеріне GPS мониторинг жүйесін орнату өте маңызды.

ПАЙДАҢЫЗ:

  • Көлік пен жүктің орналасқан жерін бақылау;
  • Бағыттардың сақталуын бақылау;
  • Автомобильдің қызмет ету аймағын бақылау;
  • Жеткізу мерзімдерінің сақталуын бақылау;
  • Клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыру;
  • Көлік қауіпсіздігі және жүктің сақталуы;
  • Жылдамдық режимін бақылау;
  • ЖЖМ шығынын есепке алу және бақылау (жанармайды құйып алуды толығымен жою);
  • Датчиктердің параметрлерін бақылау (жанармай, температура, есіктерді ашылуы, т.б.);
  • ТБ орындау мерзімдерін бақылау;
  • Компанияның имиджін жақсарту.

СОНДАЙ-АҚ:

  • Жүргізуші диспетчерге дауыстық байланыстың көмегімен штаттан тыс жағдайлар, техниканың сынуы, ЖКО туралы сигнал бере алады.
  • Ерекше шұғыл жағдайларда жүргізуші дабыл кнопкасының көмегімен диспетчерге сигнал бере алады.
  • Қажет болған кезде диспетчер өзі жүргізушімен байланысады. Қосымша салонды тыңдауға мүмкіндігі бар.
  • Өрескел бұзушылықтар болған жағдайда, сондай-ақ айдап әкеткен жағдайда диспетчер өзінің басқару пультінен автомобильдің двигателін тосқауылдай алады.
  • Клиент тасымалдаушы компанияның сайтында нақты уақыт режимінде өз жүгінің орнын ауыстыруын өз бетінше бақылай алады. Барлық ақпарат қолжетімділік құқықтарымен қорғалған, сондықтан клиент тек өз жүгінің орнын ауыстыруын ғана көре алады.

Garage-GPS – БАРЛЫҒЫН БАҚЫЛАЙМЫЗ!

Copyright 2008–2017 GARAGE GPS. Компанияның сайтын әзірлеген garage-gps.kz